Гостиницы в Алматы
2016-09-07 22:20:36 595 0

Меруерт Түсіпбаева шұғыл түрде ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әншінің директоры Әйгерім Оспанова Меруерттің facebook парақшасында жариялады.

Сайтымыздың тілшілері мәселенің мән жайын білді.

— 3 қыркүйек күні ҚР еңбек сіңірген қайраткері,әнші-актриса Меруерт Түсіпбаева жаңа ток шоудың түсіріліміне шақырылған болатын. Ал өзім көрермендер қатарында отырдым, - дейді әншінің директоры Айгерім Оспанова.

Н.Қ. атты жас тележүргізуші ток-шоуға жиналған көпшіліктің көзінше "-Ток шоуға қатысуға кейіпкерлерді іріктеу оңай болмады. Десе де, сіздің 20 жыл әншілік қызметіңізде ешқандай есте қалатын хит ән орындамағансыз, театр мен кинода сомдаған рөлдеріңіз әншейін далбаса. Сіз туралы әріптестеріңіз осылай ойлайды. Бірақ та біз сізді ток шоуымызға сайқымазақ ретінде келгеніңізді қаладық," деп мұқату мақсатында айтқан.

Меруерт Түсіпбаева тележүргізушінің осындай бейкәсіби сөздерінен кейін, түсірілім алаңынан кетіп қалған. 1 сағат өткен соң әншінің қан қысымы қалыпты 90-60 көрсеткішінен қатты күйзелістің әсерінен 160-80 көрсеткішіне лезде көтеріліп кеткен.

Осындай хәлге түскен әншіге жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Айта кететіні, әнші бала кезінен бері кардиолог дәрігердің бақылауында.

Орын алған осы бір жағымсыз инцидиенттен соң Меруерт Түсіпбаева жұмыс кестесінен жаңылмай,алдын-ала уәде берген түсірілімдер мен іс-шараларға қатысқан. Бірақ, стресс өз дегеніне жетті. Бүгін әнші Алматы қаласындағы емxаналардың біріне шұғыл жеткізіліп ,емделуге мәжбүр болып отыр.

— Қазіргі таңда Мерует Түсіпбаева "Жібек-2" сериалының түсіріліміне дайындалып, көрерменнің көзайымы болған Жансая атты кейіпкерді сомдағалы отырған болатын. Ең бастысы, әншінің жағдайы жақсарып келеді. Ал қалған шаруалармен біздің заңгерлер айналысып жатыр, - дейді Айгерім Оспанова.

Фото-жақында ғана "Хабар" телеарнасынан көрсетілген "Кеңесшілер" телеxикаясында. Меруерт Тусіпбаева сот образында

Пікір жазу