Гостиницы в Алматы
2016-10-08 18:26:20 20 0

Қазақстандықтар Ташкенттегі дзюдо турнирінде 5 медаль олжалады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан «Гран-при» турнирінде қазақстандық палуандар 5 медаль олжалады.

Бірінші күннен-ақ Ташкенттегі турнирде қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды: екі ерлер бойынша - Бауыржан Жайынтаев (60 кг салмаққа дейінгі, "қола"), Азамат Мұқанов (66 кг салмаққа дейінгі, "күміс") және екі әйелдар арасында - 52 кг салмаққа дейінгі чемпион атанған Айгүнім Түйтекова мен 57 кг салмаққа дейінгі "қола" жүлдені қанағат тұтқан Севара Нашанбаева.

Ал сайыстың екінші күні Аэлита Щербакова (70 кг салмаққа дейін) "қола" медальды иеленді.

Ақпарат: Spots.kz

Пікір жазу