Гостиницы в Алматы
2016-12-02 12:25:41 12 0

Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Польшада Кристина Радзиковскаяны еске алу халықаралық турнирінде жеңіске жетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ворцлав қаласында өткен турнирге Польша қыздар құрамы, Баку Олимпиадасының жүлдегерлері мен еуропалық шахматшы қыздар қатысты.

Төрт рет тең түсіп, қалған бес ойынды жеңген қазақстандық шахматшы қыз жалпы тоғыз турдан соң 7.0 балл жинап, бірінші орын алды.

Бүған дейін Жансая Әбдімәлік шілде айында "Мигель Найдорф Мемориалына" арналған Польшадағы турнирдің жеңімпазы атанған еді.

Пікір жазу