Гостиницы в Алматы
2016-12-05 18:28:15 91 0

Түркістан 2017 жылы түркі мәдениетінің астанасына айналады. Бұл шешім Әзірбайжанның Шеки қаласында өткен Түркі елдерінің мәдениет министрлері қатысқан кеңесте қабылданды деп хабарлайды Today.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылы Түркістанда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырамыз. Түркі халықтарына ортақ мереке Наурыз да тойланады. Сонымен қатар, кітап фестивалін өткізуді жоспарға алдық. Дәстүрге айналып үлгерген "Ұлы дала" атты ән фестивалі және бірнеше ірі мерекелік іс-шаралар өткіземіз",-делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ЮНЕСКО тарапынан мойындалған "Халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы" 20 жылдан бері түркі елдерінің арасында әр жылы жаңа мәдени астананы бекітіп келеді.

 

Пікір жазу