Гостиницы в Алматы
2016-12-10 14:50:29 50 0

UFC (Абсолюттік жауынгерлік чемпионат) ұйымының президенті Дана Уайт 5 Round Today-ге берген сұхбатында боксқа қатысты қалыптасқан жағдай туралы пікірін білдіріп, сөз арасында Геннадий Головкин жайында да айта кетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

"Головкинге сүйсінемін. Қазір өнер көрсетіп жүрген спортшылардың арасындағы жалғыз нағыз боксшы осы Головкин болуы мүмкін. Басқалардың барлығын қорқақ деп есептеймін. Оларды мықты қарсыластардан қорғаштап жүретін промоутерлерін де сужүрек деп санаймын. Қазір үздік пен үздік беттеспейтін болды, бұл боксты бұзуда, ешқандай мәні жоқ, есеп үшін жүретін кездесулер тым көбейіп кетті. Бокс GGG және соған ұқсайтын кейбір боксшылардың арқасында ғана тірі тұр", - деді Уайт.

Пікір жазу