Гостиницы в Алматы
2016-12-15 12:45:15 79 0

Неміс фотографы Питер Линдберг Голливуд жұлдыздарына косметикасыз фотосессия жасады. 

Оннан астам актрисаны суретке түсірген фотографтың айтуынша, бүгінгі күнде адамдардың барлығы әдемі болу үшін жас көріну керек деп ойлайды екен. Фотосессияға түскен актрисалар арасында Джулиана Мур, Джесикка Честейн, Николь Кидман және басқалар бар.

"Жас көріну үшін, әдемі көріну үшін әйелдер көп мөлшерде косметика пайдаланады. Ал мен бұл фотосессия арқылы әйелдер косметикасыз да сұлу бола алатынын көрсеткім келді. Қоғам қоятын сұлулық талаптарына біз ешқашан қол жеткізе алмаймыз",-дейді фотограф.

Пікір жазу