Гостиницы в Алматы
2016-04-17 16:08:28 532 0

Қайрат Нұртас намазға ниеттенуде, деп хабарлайды baistars.kz. Әнші “Жан сырым” бағдарламасына берген сұхбатында намазға жығылуға ниеттеніп жүргенін айтқан. Ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында baistars.kz Қайраттың директорына хабарласып көрген еді.

«Ең басты арманым, жүрегіме тезірек иман берсе екен деп тілеймін, Алла қаласа, уақыты да кеп қалған шығар, намазға жығылсам деп өзім де ниеттеніп жүрмін», деген Қайрат Нұртастың сөзін директоры Лаура ханым түйіндеді. «Намаз оқыса да, оқымаса да, ол жар салып айтатын нәрсе емес, бар адам сияқты Қайраттың да ниеті бар, нәсіп еткені күні намазға жығылар» деді Лаура.

Не де болса, біз әншінің ниеті қабыл болсын дейміз!

 

 

Пікір жазу