Гостиницы в Алматы
2016-04-08 21:24:31 1920 4

Әзіл-сықақшы Қанат Әлжаппаров ақын Ринат Зайытовтың өзіне қатысты сынына жауап берді. Шоу айтысқа қатысты пікірін білдірген Ринат Зайытов бір сөзінде: «Ақындарымыз өздері қайда баратынын, қандай айтысқа қатысып, кімді мақтайтынын ойламаса оған кім кінәлі? Жоқ дегенде біреуі шығып «Мен ана әліппеден басқа кітап оқымаған Қанат Әлжаппаровпен айтыспаймын» деп айтпаса, олай айтуға қауқары болмаса, ақындарды кім пайдаланбайды?"-деген болатын.

Ақындарды сынаған Ринат таяқтың бір ұшын әртістерге де тиесілі екендігін аңғартты. Өз кезегінде Қанат мұндай сынға тиесінше жауап берді. "Мен деген ақындар сынағанда мейлі деп едім. Ринат сынағанда қатты қуандым,өйткені ол мен деген адамдарды ғана сынайды. Ринаттың аты Ринат."-деп жазды инстаграм парақшасында Қанат Әлжаппаров.

Пікірлер

  • Жарайсын Канат нагыз жигитке жигиттин жауабы.
  • Карла
    Ринат аганын бул иси жон болмапты Канаты окымаган адам деп менсинбей отса котерип откан халыкты не демеиди сонда
  • Бахыт
    Ринаттың айтқаны неге дұрыс емес деп ойлайсыздар, меніңше, Ринат дұрыс айтты, ол менсінбей айтқан жоқ, керсінше айтысқа, қазақтың төл өнеріне жаны ашып айтып отыр, Қанат қанша әзілқой болса да оқымағаны көрініп тұрған жоқ па. Оның әзілінің өзі орысша айтқанда "плоский" емес па, екі сөздің басын жөндеп құрай алмайтын адамның айтыста несі бар, көріп отырып ұяласың.
  • Улмекен Кулмышева
    Ринаттың айтқаны дұрыс. Енді қалғаны айтысты мазақ қылып.

Пікір жазу