Гостиницы в Алматы
2016-06-05 01:57:15 194 0

Бейжің және Лондон олимпиадаларына қатысқан қазақстандық бес спортшының сынамасы күдік тудырған. Бұл ақпаратты Қазақстан ұлттық олимпиада (ҰОК) комитеті растады, деп хабарлайды Аламан.кз.

Қазақстан ҰОК Халықаралық олимпиада комитетінен бұл туралы хабар алғанын және қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамасын қосымша тексеру процедурасы басталғанын да мәлімдеді.

Қазір Қазақстан өкілдерінің қатысуымен Лозанна (Швейцария) қаласында «Б» допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық олимпиада комитетінің регламентіне сәйкес аталмыш процедура құпия сақталады.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижесі шыққан кезде ғана ресми мәлімдеме жасамақ.

Осыған дейін China Post басылымы Лондон олимпиадасында алтын алған Зүлфия Чиншанлоның сынамасын қайта тексергенде допинг табылғаны туралы хабар таратқан. Сондай-ақ италиялық басылымдардың бірі Илья Ильиннің сынамасынан да допинг іздері табылғанын жазған.

Пікір жазу