Финалдық кездесуде Алматы облысының боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен ақмолалық Нұрдәулет Жарманов айқасты. Алғашқы екі раундта боксшылар алма-кезек соққы жұмсап, бір-бірінен басым түсуге тырысты. Ал үшінші раундтың алғашқы минутында Әлімханұлының ауыр соққысын алған Жарманов нокдаун алып қалды. Кездесудің аяқталуына 1 минут қалғанда Жарманов екінші нокдаун алып төрешілер есеп ашты. Дегенмен, Нұрдәулет кездесуді аяғына дейін жалғастыра алды.
Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.