Психолог-кеңесші, бизнес-кеңесші, тренинг ұйымдастырушы. «Позитивті психология» адам тұлғасын дамыту орталығынын директоры Баян Нұрғалиевамен сұхбат.
1. Баян, психология ғылымына қалай келдіңіз?
Бала кезімнен кезімнен хирург болуды армандайтынмын. Қазір ол арманым орындалған жоқ айта алмаймын. Өйткені мен адам жанының хирургі болып жүрмін. Жалпы маған психолог маманы болуға әпкем кеңес берген болатын. Оған тек алғыс айтқым келеді.
2. «Сән» және «сән психологиясы туралы» не айтасыз? Cіз үшін сән дегеніміз не?
Менің ойымша, сән – ол адамның жаны мен келбетінің сәйкестігі. Бірақ қазіргі уақытта көптеген адамдар тек ғана келбетіне назар аударады. Ал ішкі рухани дүниесіне уақыт таба алмайды. Сән психологиясы сіздің киген киіміңіз, стиліңіз, келбетіңіз, өзіңізді ұстауыңыз ортаға қалай әсер етеді, олардың байланысы қандай деген мәселелерді анықтайды.
3. Адамның талғамы, киім киісі өмірде қаншалықты маңызды рөл атқарады? Ал киімнің түсі ше? Психологиялық тұрғыдан айтсаңыз.
Сіздің келбетіңіз міндетті түрде сіздің мінезіңізді сипаттау керек. Киімдердің түсі бойынша айтарым, біздің психикамыз түске назар аударады. Бұл ғылыми дәлелденген түс терапиясы деген ұғым бар. Түсті дұрыс таңдау – біздің көңіл күйімізден бастап, өмірімізге де әсер етеді. Әр түстің өзіндік ықпалы бар.
4. Жалпы сіздің орталық қандай тақырыптарда тренингтер өткізеді?
Тақырыптар ауқымы кең, көшбасшылыққа, шешендік өнерге қатысты, табысқа жету жолы туралы, балаларға, қыз-келіншектерге, ер-азаматтарға арналған тренингтер ұйымдастырамыз.
Тренингтер көбінесе жетістікке жету, табысқа жету жолдарын ұсынатынын байқадық. Өмірде адам табысқа жету үшін қандай қасиеттерді бойына сіңіру қажет?
Жетістікке жету үшін, ең алдымен, нені қалайтыңызды анықтаңыз. Содан кейін адамға ең негізгі екі қасиет керек: шыдамдылық және әрқашан үйренуге, білуге талпыныс, білімге құштарлық. Үйренуге дайын адам әрқашан бір қадам алда болады. Сондай-ақ әркім өз ісінің фанаты болу керек. Бір сәттке ойлап қараңызшы, Майкл Джексон өз ісінін фанаты болмаса, біз керемет әуендерді тыңдай алмас едік. Әлемге танымал кәсіпкер Стив Джобс әрі ұлы тұлға өз ісінін фанаты болған. Мұндай мысалдар өте көп.
Өзіңіз арманға жету жолында қандай тәуекелдерге бардыңыз?
Тәуекел деуге болмас, бірақ студент кезімнен-ақ өз саламның нағыз шебері болу үшін барымды салатынмын. Түрлі пайдалы тренингтерден қалмайтынмын. Солардың бірі Дастан Маратбекұлы Сағатов өткізген бизнес-тренинг маған қатты әсер еткен болатын. Кей кезде қызықты тренингтер түнгі уақытқа дейін созылатын кездер болды. Сол үшін анамнан көп сөз естейтінмін. Танымал психолог М.С. Норбековтін курсы өтетінін естіп, сессия кезінде басқа мемлекетке барып қатысып келгенім бар. Әлі де солай, өз ісімнің фанатымын.
Қандай стильде киінгенді ұнатасыз? Қандай киімдерді ешқашан сатып алмас едіңіз?
Шынымды айтсам үнемі іскерлік стильде киінемін. Соңғы кезде имиджіме қатты көңіл бөліп жүрмін. Оған сіңілім әсер етті десем болады. Іскерлік стильден басқа түрлі стильдерге жол ашып, тәуекелдерге барып жүрмін. Мен ешқашан сатып алмайтын киім – бұл тым ашық және қыска көйлектер.
8. Сайт оқырмандарына айтарыңыз, тілегіңіз?
Сайт әкімшілігіне үлкен алғысымды білдіремін. Қазақ тілді пайдалы сайттар қатары көбейе берсін. Сайттың оқырмандарына айтарым, сәнді, стильді болумен қатар, әрқашан өзін-өзі тануға талпыныс мықты болсын! Сізге ештеңе де бөгет болмасын. Ең ықпалды тұлға – ол сіз...