Бұл туралы "Ұлықпан Жолдасовтың продюсерлік орталығының" пиар менеджері Бақытжамал Садырбай хабарлады.
Ұлықпан Жолдасов пен Фарида Жолдасова Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы, Кельн қазақ мəдени орталығы жəне Халықаралық "Жанашыр" қоғамдық қоры ұйымдастырып жатқан құрылтайдың арнайы қонағы болады.
Кельн қаласында 14-15 мамыр күндері өтетін бұл Еуропа қазақтарының салтанатты жиыны тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр екен. Онда елімізден баратын бір топ өнер иелерінің қатысуымен концерт өтеді деп жоспарланған. Сол концертте шетел қазақтарының сүйікті əніне айналып, жоғары сұранысына ие болып жүрген "Алтынай" əні де шырқалады.
Сонымен қатар Фариданың қоржынындағы танымал əндер де қандастарымызға арнап орындалмақ. Өзге елдегі бауырларымыздың біздің əнімізді жоғары бағалағаны қуантады.
Өнер иелеріне сәтті сапар тілейміз!