Гостиницы в Алматы
2017-02-25 17:14:45 775 0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің Қазақстанға не себепті келгені белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайбергенов мен Hunan TV арнасының түсірілім тобы Астанаға Қазақстан туралы, орындаушының туған жері жайлы сюжет түсіруге келіпті. Сюжет қытайлық телеарнада көрсетіледі. Бұл роликте әнші өз елін таныстырады.

Сондай-ақ, Шаримовтың айтуынша, түсірілім тобы мен әнші ертең, 26 ақпанда Ақтөбе қаласына барады. Ал 27 ақпанда қайтадан Қытайға жол тартады екен.

Ал әншінің анасы Светлана Айтбаева "Мой ГОРОД" порталына берген сұхбатында Димаш Құдайбергенов мен түсірілім тобының келуі жайлы толығырақ айтып берді. Әншіні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алады екен. "Осы бір-екі күннің ішінде қытайлық журналистер біздің отбасымыз жайлы, Димаш оқыған мектеп пен музыкалық колледжде түсіріп үлгеруі керек. Баламыз таэквандомен айналысқан спорт мектебінде де түсірілім жұмыстары өтеді", - деді Айтбаева. Осыдан кейін, анасының айтуынша, қытайлық журналистер Димашты ат үстінде түсіру үшін ипподромға барады, себебі қытайлық жанкүйерлер әншіге "Қазақтың қанаты" деген ат беріпті.

Пікір жазу