Коммерциялық жағынан комедия сияқты табысты болмаса да, «Тараз» фильмінен кейін Адамбай психологиялық триллер жанрына бет бұрды.
«Бұл жаратылыстары екі түрлі екі адамның лифтте қалып қалуы жайында болмақ. Ол екеуі бірнеше тәулікке бір жерде қамалып қалған кезде қандай жағдайларға тап болады? Фильм осы жайында», – деп түсіндірді Адамбай.

Дегенмен оқиға желісі тек лифттің ішінде өрбімейді.
«Біздің кейіпкерлеріміздің болмысын өткенді еске түсірумен ашамыз. Оларды не мазалайтынын, не ойландыратынын көрсетеміз», – дейді режиссер.
Фильмде Жандос Айбасов пен Ісбек Әбілмәжіновтер басты рөлдерді сомдайды. Айта кетейік, Ісбек бұған дейін Адамбайдың «Ауылдан қашу: Операция махаббат» кинокартинасына түскен.
Сөз соңында Адамбай бұл кинокартинаға демеуші таба алмағанын айтып қалды.
«Ештеңеге қарамастан фильмді біздің шағын студиямыз таспалап жатыр. Шынымды айтсам, қол ұшын береміз деген жандар болды. Бірақ көмектеспеді. Бір жағдайлар болып қалған шығар. Дегенмен еңсемізді түсірмейміз. Түсірілімді бұйырса бір аптада аяқтап қаламыз. Түсірілім біткенімен, фильмнің өзі тек күзде үлкен экранға жолданады», – деп түйіндеді сөзін ол.
Ақпарат: Stan.kz