Халықаралық футбол қауымдастығының (FIFA) техникалық директоры Марко ван Бастен офсайд пен сары қағазды алып тастауды, сондай-ақ бірқатар ереже енгізуді ұсынды. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды, деп жазады egemen.kz.
Сонымен қатар, голландиялық директор пенальти сериясына қарағанда хоккейдегі буллит сериясын енгізуді, тіпті әлем чемпионатының топтық ойындарында да қолдануды ұсынды.
«Әрбір командада бес мүмкіндік болады. Төрешінің ысқырығынан кейін футболшы 25 метр қашықтықтан допты алып жүгіріп, 8 секундтың ішінде соққы жасап үлгеруі тиіс. Ал қақпашы айып алаңынан ұзап шыға алмайды. Қарсыласының соққысын қайтара алса, буллит аяқталды», – деді ван Бастен.
Айта кетейік, 10 қаңтар күні ФИФА-ның кеңесі 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 32-ден 40-қа арттыру туралы шешім қабылдаған.