Гостиницы в Алматы
2017-01-21 19:02:32 62 0

Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарады. Бұл – олардың жауынгерлік тапсырмасының бірі. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Автомат ауырлау. Бірақ үйреніп кетем. Мұндайға бойды үйрету керек”, – дейді Баландин.

“Мен ешнәрседен қорықпаймын. Әр азамат борышын өтеу керек, Мұнда адам өлтірмейді ғой. Біз Қазақстандамыз. Онда несіне қорқамыз?”, – дейді Рахимов.”

“Оңтүстік” аймақтығы команда жетекшісінің айтуынша, екі чемпион да казармада борышын өтейді. Алайда жаттығу жасауына көп уақыт бөлінетін болады. Олар халықаралық олимпиадаға дайындалу үстінде. Сонымен қатар жауынгерлік жаттығуларды да жасайды.

“Олар бүгіннен бастап ҚР нағыз әскери қызметкерлері атанды. Екічемпион Алматы көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті бақылайтын болады. Сегіз аудан бойынша бақылау жүргізеді”, – дейді басқарма басшысы Ниязтай Алкешев.

Пікір жазу