Гостиницы в Алматы
2017-02-01 10:45:31 205 0

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Универсиада дирекциясының штаттық қызметкері, Бауыржан Рафиков қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жұмыс күнінің соңында қызметкеріміз кенеттен есінен танып құлады. Жанында болған адамдар оның есін жиғызуға тырысқан және нысанда кезекшілікте болған медициналық қызметкерді шақырған. Дәрігер алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Жедел жәрдем бригадасы бірнеше минуттан кейін келді. 40 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ өкінішке орай, олар нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлерінің алдын ала қорытындысы бойынша, өлім жүрек-қан тамыры ақауынан болған. Бұл мен үшін үлкен күйзеліс, жеке өз атымнан және Дирекция атынан Бауыржан Рафиковтың туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Оның егде жастағы анасы, әйелі мен екі баласы қалды. Қызметкерімізді ақтық сапарға шығарып салумен байланысты барлық шығындарды Дирекция өз мойнына алады. Оның отбасына ҚР еңбек заңнамасына сәйкес төлемдер беріледі сондай-ақ, материалдық көмек көрсетілетін болады», - деп атап өтті Универсиада-2017 Дирекциясының директоры Наиль Нуров.

Б.Рафиковтың өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Алматыдағы Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Пікір жазу