Гостиницы в Алматы
2017-02-02 14:41:38 2097 1

ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Лаки Кесоглу "Опера №2" әнін Витас пен Димаш Құдайбергеновтің орындауларын салыстырды деп жазады Tengrinews.kz

Лаки Кесоглудың айтуынша, Димаштың дауысы тенор альтино немесе контртенор деп аталады екен. Әлемде контртенорлар аз және мұндай дауыс өте сирек кездеседі дейді ол.

"Оны Витаспен салыстырудың қажеті жоқ, мен сізге ресми мәлімдеме жасай аламын - Витастың мүмкіншілігі Димаштың даусының жанында түк те емес", - дейді әнші.

"Ол жоғары тенор ноталарында да айта алады, бірақ ол өзінің қалыпты даусымен де ән шырқайды, онысы жағымды естіледі. (...) Қалған жұлдызсымақ әншілер оның маңына да жақындай алмайды. Ал оның Витаспен салыстыру білімсіздіктен. Витасты тыңдап көріңіздер, ол өз даусымен айтқанда арғы жағында ештеңенің жоқ екенін байқайсыз. Оның даусы фальцет, дамыған фальцет қана, осы мүмкіндігін қолданып қана жүр." Лаки Кесоглу

28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "I am a Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған болатын.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Пікірлер

  • Жанет Перизат
    Жарайсын Димаш ,бул саган бир Алланын берген кудирети. Тек алга мен оз балам женис акелгенди куандым.Менимде 11 жаста улым бар, сен секты болса деймин.Бир Алла жар болсын.

Пікір жазу