Жаңалықтар

Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді

Голливудтық продюсерлер Кери Гранат және Эд Джонс қазақстандық Moviq кинокомпаниясымен бірге Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Картинада белгілі әнші әрі актер Әміре Қашаубаевтың шығармашылығының шыңына шыққан кезеңі баяндалады. Фильмге әншінің орындауындағы сегіз ән алынды.

Әміре Қашаубаевтың Еуропаны қазақ халқының ән өнерімен таныстырған Кеңес одағының тұңғыш әншісі екені белгілі. 1925 жылы Парижде өткен EXPO-1925 көрмесінде ол қазақтың “Ағаш аяқ”, “Қанапия”, “Жалғыз арша”, “Үш дос” атты ұлттық әндерін орындап, күміс жүлде алған еді.

Moviq кинокомпаниясының өкілі Андрей Распутиннің айтуынша, фильмнің түсірілім жұмыстары сәуір айында басталады. Түсірілім жұмыстарының көбі Еуропа қалаларында, кейбірі Алматыда өтеді.

Картина қазақстандық, сонымен қатар, шетелдік прокатқа да шығады. Фильмді түсіруге “Қазақфильм” киностудиясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірді.

Cast.kz орталығы 1 желтоқсаннан бастап басты рөлде ойнайтын актерге кастинг жариялады. Айта кетейік, “Әміре Қашаубаев” картинасы ағылшын тілінде шығады, сондықтан да басты рөлде ойнайтын актерге ағылшын тілін білу талабы қойылып отыр.

Ақпарат: ҚазАқпарат

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

js6GyFGS9zM

KeshYou-дің мерейтойлық концертіне Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденова қатыса ма?

427 рет оқылды20.01.2016
cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

392 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

488 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

903 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 754 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

1 058 рет оқылды19.01.2016