Гостиницы в Алматы
2017-01-19 07:30:05 28 0

Бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы  Қанат Ислам 17 ақпанда 23-кездесуін өткізеді. Бұл туралы ВКонтактедегі боксшының парақшасы хабарлады

Қанат Исламның қарсыласы бразилиялық Робсон Ассис (Robson Assis). Осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізген. 3 рет жеңіліп, 16 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 9 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Қанат Ислам 17 ақпанда өтетін Рой Джонстың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.

Пікір жазу