Гостиницы в Алматы
2017-02-16 14:20:23 37 0

Танымал боксшы Рой Джонс қазақстандық Қанат Исламды ерекше боксшылар қатарына қосты деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында жолығып қалды. Қанат Ислам мен Рой Джонс бір бокс кешінде өнер көрсетеді.

"Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады", - деді Рой Джонс. Ал қазақстандық боксшы өз кезегінде атақты америкалықты Астанаға шақырды.

"Нағыз чемпион Рой Джонсты бүгін осы жерден көргеніме қуаныштымын. Мен WBA тұжырымы бойынша төртіншімін, WBO бойынша бесінші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін. Мен үлкен жекпе-жекке дайынмын, қарқынды дайындалып жүрмін. Маған отбасым, командам, бапкер мен промоутерім қолдау көрсетіп отыр. Мен бақыттымын. Мен осы жекпе-жекке дайынмын. Ертең кешке жолығамыз", - деді қазақстандық боксшы.

17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен рингке шығады. Бұл кездесуде WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесіне айналады.

Пікір жазу