Гостиницы в Алматы
2017-02-17 15:52:59 535 0

Адамдар өздерінің мінез-құлығын, іс-әрекеттерін шоқжұлдыздармен байланыстырады. Көп жағдайда жұлдызнама ұсынған мінездеме адамның тағдырымен де сәйкес келіп жататын жайттарды кездестіруге болады. Baistars.kz әр ай сайын отандық шоу-бизнес өкілдерінің қай шоқжұлдыз аясында дүниеге келгендігі және олардың біз білмейтін мінездері туралы айтатын болады.

Алғашқы болып "Балықтардан" (19.02 - 20.03) бастаймыз.

"Балықтар" әдетте шығармашылыққа биім болып келеді. Олар үшін ақша үнемі екінші орында тұрады. Бірақ, бұл оларға мүлдем ақша жағы қызық деген сөз емес. "Балықтар" байлық пен бақтың өткінші екенін басқаларға қарағанда жақсы түсінеді. "Ақша - қолдың кірі" деген сөз олардың байлыққа қатысты көзқарасын толық сипаттай алады. Бар нәрсеге шүкір ете білуді "Балықтардан" үйренуіміз керек.

Олар ашуланса немесе біреуден көңілі қалса, ұзақ уақытқа дейін ұмытпайды. Ренжіткендерді кешіру кезеңі өте көп уақытты қажет етеді. Бірақ, кешіріп немесе ұмытатын болса, өткен істің бәрін бір сәтте жадынан өшіріп, ештеңе болмағандай өмірін жалғастыра береді.

"Балықтар" жұртқа көмектесу арқылы қуанышқа кенеледі. Олардың ең басты кемшілігі қорқыныш пен өз күшіне деген шектен тыс сенімсіздігі. "Балықтар" шоқжұлдыздар ішінде ең қиялшыл әрі арманға көп берілетіндер ретінде есептелінеді.

"Балықтар" шоқжұлдызы аясында дүниеге келген қазақстандық шоу-бизнес өкілдерімен танысыңыздар.

Қайрат Нұртас (25.02.1989)

Ернар Айдар (13.03.1991)

Азамат Сатыбалды (23.02.1984)

Айгүл Иманбаева (15.03.1977)

Мақпал Исабекова (21.02.1984)

Берік Айтжанов (11.03.1979)

Әнуар Нұрпейісов (11.03.1985)

Азиз Бейшеналиев (15.03.1971)

Айгүл Мүкей (06.03.1975)

Антон Самойлов (13.03.1986)

Пікір жазу