Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы ақпаратына сәйкес, 17-19 ақпан күндері Алматыда Қазақстан, Аргентина, Германия және Швейцариядан келген алты команда жарыс жүлдесін сарапқа салмақ.
Алатау бөктеріндегі турнирге «Munich Polo Club» (Германия), «Polo Match Club» (Аргентина) және «Cosmo Polo Club» (Швейцария) сынды шетелдік тәжірибелі клубтарымен қатар, Қазақстанның үш командасы: «Әулиеата» шөген клубы, «Astana Polo Club» және «Almaty Horse & Polo Club» қатысады. Жарыстың бас төрешісі қызметін Германиядан арнайы шақыртылған маман Джей Вульф-Вирнэр атқарады. Елімізде енді ғана қанат жайып келе жатқан шөген спортынан халықаралық турнир тұңғыш рет өткелі тұр, 2016 жылы қар үстіндегі шөгеннен Республикалық турнир ұйымдастырылған болатын.