Гостиницы в Алматы
2017-02-15 12:45:02 40 0

Тағы бір қазақ спортшысы Али Балоев кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа біржола бет бұрғанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, кеше ғана Қанат Ислам «Kazakh team» командасына Руслан Мырсатаев келіп қосылғанын мақтанышпен жеткізген еді. Ол әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «Америкадағы  «Kazakh team» командасы қазақтарды әлемге танытуды мақсат етіп отыр. Қазақтың жастары, қазақтың батырлары келіңдер, біздің командаға қосылыңдар! Қазақтың туын бірге көтерейік, Алға Қазақстан!» - деп жазды.

Ал 23 жастағы Али Балоев 18 ақпанда Ригадағы (Латвия) Олимпиада спорт орталығында өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізуді белгілеп қойыпты.

Ол 4 раундтық кездесуде 32 жастағы жергілікті боксшы Маркес Ковалевскиспен айқасқа түседі.  Жерлесіміздің қарсыласы кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, екеуінде тең нәтиже, екеуінде - жеңіс, жиырма бірінде жеңіліс (11 нокаутпен) тауыпты.

Қазақстандық спортшы кәсіби бокста рингке ауыр салмақта (200 фунт - 90,7 келі) шықпақ. Али алматыдағы «Абылай хан» залында, Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады.

Пікір жазу