Әйгілі “Музарт” тобы ізбасарларынан құрылған жаңа топқа ат іздеумен әлек болып жатыр. Бұл орайда олар тыңдармандарынан көмек сұрады.
Желі оқырмандары сан түрлі ұсыныс-тілектерін білдірді. Кейбіреулер жаңа топты да “Музарт” деп атау керектігін ұсынды.
Одан бөлек, “Аманат”, “НурАрт”, “МузЖол”, “Мұзтау”, “Талант”, “Үш қоңыр”, “Белес”, “Сенім”, “Мирас”, “Самғар”, “Мұрагер”, “Ізбасар” сынды т.б. көптеген атаулар ұсынылды.
Естеріңізде болса, көпшіліктің қошеметіне бөленген “Музарт Live” жобасының жеңімпаздары өткен жылдың 18 желтоқсанында анықталды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған Сұлтан Ахмет, Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбай мен Әзиз Балтабекұлы жеңіске жетіп, “Музарт ізбасарлары” мәртебесіне ие болды.