Гостиницы в Алматы
2017-02-12 18:35:44 16 0

Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан шорт-трек спортынан әлем кубогының соңғы алтыншы кезеңінде Нұрберген Жұмағазиев қола медаль алды.

1000 метр қашықтықта өткен сында финалға екі бірдей отандасымыз шығып, Абзал Әжіғалиев сегізінші орынды қанағат тұтты.

Нұрберген Жұмағазиев аталған қашықтықта үшінші болып мәре сызығын кесті. Тағы бір отандасымыз Денис Никиша төртінші орында. 1000 метрде Корея елінің спортшысы бас жүлдені қанжығасына байлады.

Ал осы қашықтықта аруларымыздың ең алды бесінші орынмен шектелді. Бұл көрсеткішке Анастасия Крестова қол жеткізді. Тағы бір отандасымыз Ким Йонг 20-шы орынға табан тіреді.

Бұл жолы да бас бапкер Мәдіғали Қарсыбековтың алтын аламыз деген үміті ақталмады.

Пікір жазу