Жеңіл салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев келесі жекпе-жегін Майамиде (Флорида, АҚШ) өткізетін болды. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобы хабарлады.
Кездесу 17 наурыз күні өтеді. Қазір Шәрібаев Майамидегі Moro's Gym залында жаттығып жатыр.
27 жастағы қазақстандық боксшы 2014 жылы кәсіпқой спортқа ауысты. Барлығы ол 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыластарынан басым түсті.
Соңғы Шәрібаев 29 қазан күні Алматыда мексикандық Хуан Окуруға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.