Арнаға сұхбат берген продюсер жаңа құрамдағы қыздармен қанша уақыт бірге жұмыс жасайтынын білмейтінін айтады.
"Белгілі себептерге байланысты KeshYou тобын жаңадан құрдық. Шыны керек, мен қыздармен жұмыс жасаудан жалықтым. Кез келген нәзік жандының арманы – тұрмысқа шығу, ана атану. Осыған дейін мен топтағы арулардың мұндай тілегіне қарсылық білдіріп келдім. Себебі, олар менің тобыма әнші болып келгендіктен, оларға жұмсалған қаражатты еңбегімді ақтау керек емес пе? Бірақ әйел болып жаралған соң, басты мақсатыңнан қайтпайды екенсің. Жаңа құрамдағы қыздардың да менімен қанша уақыт бірге жұмыс жасайтынын білмеймін", - дейді ол.
Баян Мақсатқызы топтың жаңа мүшелерімен келісім-шартқа отырмағанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұған дейін KeshYou мүшелері продюсерлік орталықпен шартқа отырып, тек соның аясында ғана жұмыс істейтін еді.
"Қыздармен бәленбай жылға келісім-шартқа отырдық, анау-мынау деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Арамызда ешқандай келісім жоқ. Бұл жерде тек қыздардың сахнаға деген махаббаты бар. Енді маған бәрібір. Егер тұрмысқа шығып, үй шаруасымен айналысқысы келіп бара жатса, мен оларға ақ жол тілеймін", - деп атап өтті Баян Мақсатқызы.
Продюсер, сондай-ақ не себепті шеттен емес, "Лашын" тобындағы әншілердің келгенін түсіндірді.
"Лашынның әншілері 2 жыл ішінде тәртіпке бағына алатындарын дәлелдеді. Олар – сахнаның қадірін білетін, жұлдыз ауруының не екенін сезініп үлгерген қыздар.Неге дайын әртістерді алмасқа? Неге мен жаңа жұлдыздарды жағуым керек? Алыстағыны армандағанша, қасыңдағының қадірін білген дұрыс. Көрермен “KeshYou” тобының құрамы ауысты десе, міндетті түрде топтың айналасындағы дауға үйреніп қалған. Естеріңізде ғой, Кәмшат кетті, Жанар келді, Жанар кетіп, Мөлдір қайтып келіпті деген сияқты қауесеттер болды. Сондай әңгіме болмас үшін осылай істеп отырмын", - деді ол.
Ақпан айының басында KeshYou құрамы өзгеріп, топ триодан квартетке айналған болатын. Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді және Назым Әбілдина - қазіргі ұжымның мүшелері.
Баян Мақсатқызы осыған дейін Ақбота Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғалидің топтан не себепті кеткенін түсіндірген еді.