Гостиницы в Алматы
2016-04-19 16:00:39 451 1

Танымал сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың 1-мамыр Республика сарайында өтетін концертінің билеттері ұрланды деп хабарлайды baistars.kz.

Концерт ұйымдастырушылары мен Жолдасовтар отбасы концертке келетін көрерменге билетті енді қолдан емес Республика сарайының кассасынан және kassir.kz сайтынан сатып алуды өтінді.

Сонымен қатар, Ұлықпан Жолдасовтың жұбайы Айған Жолдасова өзінің инстаграм парақшасында билеттің ұрланғанын растады.

ШҰҒЫЛ! 📣📣📣📣📣 Құрметті біздің оқырмандар,тыңдармандар 1 мамырда өтетін Ұлықпан Жолдасовтың концертіне көшеде қолдан сатып жүрген билеттерді алмаңыздар❗❗❗❗❗ Жаңа ғана біздің көлігімізден сол концерттің билеттері ұрланды!!!! Жəне оны көшеде сатып жүр екен!Қазір құқық қорғау органдары осы мәселемен айналысуда. Билетті тек біз көрсеткен нүктелерден ( Республика сарайы кассасы мен kassir.kz zakazbiletov.kz сайттары) алуларыңызды өтінеміз! Ал бүгінге дейін сатып алынған билеттер жарамды, ол қай орындар екені бізге белгілі. Біз шұғыл түрде билеттің дизайнына арнайы белгімен өзгеріс енгізетін боламыз. Ол қандай белгі екенін осы инстаграмм арқылы жариялаймыз. РЕПОСТ❗❗❗❗❗

Фото опубликовано Айған Сайлаубайқызы (@aigan_zholdasova)

Естеріңізге сала кетейік, Ұлықпан Жолдасов мерейтойлық концертін ақпан айында Астана қаласында өткізді. Ал, 1-мамыр күні Алматыда жаңа бағдарламамен екінші кешті өткізуді жоспарлап отыр. Концертке МузАрт тобы, Мәдина Садуақасова, Жігіттер тобы, Әлішер Каримов, Төреғали Төреәлі және өзге де өнер жұлдыздары қатыспақ.

Пікірлер

  • САЛАМАТ ТОБЫ БОЛА МА?

Пікір жазу