Гостиницы в Алматы
2017-01-30 18:33:07 12 0

Құрметті Baistars.kz сайтының оқырмандары, Алматыда өтіп жатқан XXVIII Қысқы Универсиада ойындарының жарыс кестесі мен нәтижелері туралы осы жерден жылдам ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, Универсиадаға қатысты қызықты деректерді де жариялаймыз. Әр күннің жарыс қорытындысы мен медальдық есепті де осы жерден табуға болады. 

 

Хоккей

12:30. Универсиаданың ресми старт алатын уақыты 29 қаңтар болғанымен, командалық жарыстар бір күн ерте басталды. Турнир шымылдығын хоккейден В тобының өкілдері Словакия мен Ұлыбритания құрамасы арасындағы матч ашты. Словакиялық хоккейшілер Ұлыбританияны 9:0 есебімен жеңді.

16:00. Мұз алаңына шығу кезегі Жапония мен Латвияға бұйырды. С тобындағы алғашқы жеңіске Латвия құрамасы жетті. Олар Жапонияны 3:4 есебімен жеңді.

16:30. Балуан Шолақ атындағы спорт сарай алаңына Канада мен Қытай құрамасының хоккейші қыздары шықты. Матч қорытындысы бойынша Канада Қытайды 9:1 есебімен жеңді.

19:30. Ал Қазақстан құрамасы А тобындағы қарсыласы Қытай еліне жауапсыз 22 шайба салды. Есеп 22:00, қазақтар пайдасына.

20:00. А тобына жайғасқан хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Ұлыбритания қыздарына да жауапсыз 11 шайа салды. Есеп 11:00.

 

Хоккей

12:30. Универсиаданың ресми басталатын күні хоккейден жарыстар өткізілді. Мұз алаңына АҚШ және Ресей командаларының қыздары шықты. Матчты ресейлік қыздар 1:7 есебімен жеңді.

Шаңғы қос сайысы

Шаңғы қос сайысынан Гундерсон тәсілі бойынша бірінші күні жоғары нәтиже көрсеткен спортшылары тізімі келесідей:

1. Ямамота (Жапония) - 64,4 ұпай

2. Симон Таблс (Германия) - 57,4 ұпай

3. Тимофей Борисов (Ресей) - 55,5 ұпай

 

 

Шаңғы жарысы

Классикалық стильдегі 5 шақырым қашықтықта шаңғы жарысы өтті. Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко қола медаль алды. Бұл Қзазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

Шаңғы жарысы. Әйелдер. 5 шқ. Классикалық стиль 1. Лилия Васильева (Ресей) — 14:08.6 2. Анна Нечаевская (Ресей) — +13.3 3. Анна Шевченко (Қазақстан) — +15.2 10. Ирина Быкова (Қазақстан) — +58.8 12. Ольга Мандрика (Қазақстан) — +1:02.6 13. Анна Стоян (Қазақстан) — +1:06.9 18. Ангелина Шурыга (Қазақстан) — +1:15.3 25. Анжелика Тарасова (Қазақстан) — +2:07.4. 30 қаңтарда Универсиада ойындарының тағы екі медалі түсті. Фристайлдың акробатика түрінен сынға түскен Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева жүлде жеңіп алды.  Фристайлдың акробатика түрінен финалға Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаевадан бөлек Вера Ляшкевич (Беларусь) және Чжу Иньинь (Қытай) шыққан еді. Жарыс қорытындысы бойынша, қытайлық спортшы алтын алса, Жібек Арапбаева күміс, ал Жанбота Алдабергенова қола жүлде еншіледі.

Фристайл. Акробатика. Қыздар. Финал

1. Чжу Иньинь (Китай) — 64.09

2. Жибек Арапбаева (Казахстан) — 60.84

3. Жанбота Алдабергенова (Казахстан) — 60.48.

 

 

 

 

 

Пікір жазу