Гостиницы в Алматы
2017-01-31 11:25:27 970 0

Қытайдың Hunan телеарнасындағы отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан I am a Singer ән байқауының кестесі белгілі болды деп жазды ҚазАқпарат

Телеарна сайтындағы мәліметке сәйкес, байқауға қатысушылар жалпы 5 іріктеу кезеңінен өтіп, финалға шығады. Әр іріктеу кезеңінде әншілер 2 айналымнан өнер көрсетеді. Алғашқы кезеңнің екі айналымы өз мәресіне жеткенін ескерсек, Димаш Құдайбергеновті алда әлі 4 үлкен іріктеу кезеңі күтіп тұр. Димаш Құдайбергенов байқаудың екі кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, Қытай көрермендерінің қошеметіне бөленген еді.

I кезең: 21 және 28 қаңтар.

II кезең: 4 және 11 ақпан.

III кезең: 18 және 25 ақпан.

IV кезең:  4 және 11 наурыз.

V кезең: 18 наурыз, 25 наурыз.

Финал 1, 8 және 15 сәуір күндері өтеді. Байқау әр аптаның сенбі күні Астана уақытымен 20:00-де эфирге шығады.

 

Пікір жазу