Гостиницы в Алматы
2014-10-09 16:46:28 926 0

World Fashion Week аукционында  қазақша көйлек бірінші болып сатылды

Елімізге танымал дизайнер Аида Кауменованың ұлттық нақышта өрнектелген туындысы - Франция астанасы Парижде өткен World Fashion Week аукционында алғашқылардың қатарында сатылды. KazFashion бұл шараның анық-қанығын білу мақсатында Аида Кауменовамен хабарласты.

басты бет

аида кауменова3

Аида Кауменова World Fashion Week жайында: «Парижде өткен World Fashion Week сән апталығының «қайырымдылық аукционы» деген жобасы жыл сайын өткізіліп тұрады. Міне сол қайырымдылық шарасына біздің сән үйіміз арнайы шақырту алды. Қазақстандық сәнгерлерден жалғыз мен қатыстым.

аида кауменова2

Аталмыш шараға әр елден келген сәнгерлер өз елінің ұлттық колоритіне сәйкес, этникалық стильде киім ұсынуы керек болатын. Мен заманауи үлгіге сай – сәукеле мен ою-өрнекпен кескінделген камзол-көйлекті ұсындым. Ең қызығы, ұлттық нақыштағы көйлегіміз аукционда бірінші болып сатылып кетті. Бұл қуантарлық жәйт.

аида Кауменова

 

Биылғы қайырымдылық аукционынан түскен қаражат Африка әйелдеріне жұмсалады. Себебі Сомали, Эфиопия, тағы біршама Африка елдерінде қызбаланы сүндетке отырғызу салт-дәстүрі осы күнге дейін сақталып келеді. Бұл әйел баласын мүгедек ететін дәстүрлердің бірі.

обризание

Сондықтан болар, World Fashion Week ұйымдастырушылары осындай күрделі мәселені басты назарда ұстап, қайырымдылық аукционын өткізуде. Бұдан түскен қаражат, осындай әйелдерді реабилитациялауға яғни оңалтуға жұмсалады. Қазақстан атынан осындай күрделі іс-шараға аз да болса үлес қосқанымызға қуаныштымын.

аида кауменова4

 

Аукционнан кейін, келесі күні біздің елге арналған пресс-конференция өтті. Онда кең байтақ еліміз - Қазақстан туралы, қазақ әйелдері жайлы сөз еттім. Менің түсінігімде қазақ әйелі - үй шаруасындағы әйел мен business woman-ның миксі. Міне сол қазақ әйелдерінің «миксі» турасында баяндама оқыдым десем де болады. Сән мен қайырымдылық ұштасқан оңтайлы шаралар көп бола берсе екен деп тілеймін» - деп, сөзін қайырды танымал дизайнер.

Пікір жазу