Гостиницы в Алматы
2017-02-11 13:09:22 92 0

11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында аса жеңіл салмақта қазақстандық Жанат "ZZ" Жақиянов пен американдық Роуши Уоррен арасында кездесу өтті. Кәсіпқой боксшылар WBA (Super) және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды. 

Бірінші раундта екі рет нокдаунға түсіп үлгерген Жанат Жақиянов 12 раундтық кездесуде жеңіске жетті. Төрешілер есебі келесідей болды: 115-111, 116-110, 111-115.

Жанаттың жеңісі - көпшілік үшін күтпеген нәтиже. ОСыған дейін сарапшылар, букмекерлер Роуши Уоррен басым түседі деп болжам жасап келген болатын.

Жекпе-жектен қазақстандық боксшының алатын гонорары 30 мың долларды құрайды. WBA (Super) және IBO атақтарын бәске салған Роуши Уоррен 150 мың доллар сыйақы алады.

Пікір жазу