Естіп-біліп жатқан шығарсыздар... енді жаңа басшының келуімен ұрлықты қойып, білек сыбанып адал жұмыс істеуге кіріседі деп ойлаймын.
Өздеріне де, өзгелерге де үлкен сабақ болды бұл инцидент! Анау shyn.kz деген де шынымен еңбектеніп бастамаса - nur.kz бауырының соңынан кетері анық. 'Өгізге туған күн - бұзауға да туады' деген...
Жалпы кез-келген қағаз басылымында, ғаламтор кеңістігінде жазылған сөз үшін жауапкершілік барын ұмытпау керек!!! Арнайы заңнан бөлек, жекелеген адамдардың өз заңы бар ондайларды 'жазалайтын'. Мəселен, инстаграмда отырып 'мал... ешек... бла-бла-бла..."- деп коммент жазуды жақсы көретін əпенділерді кейбір жұлдыздар əдемі етіп масқаралайды. Сосын əлгілерге бүкіл ел атылады: "Ұялмайсың ба?.. осылай жазуға бола ма екен?.." - деп. Амалы жоғынан аккаунтын өшіріп, басын алып қашады əлгілер. Иəəəəə... жазалаудың да түр-түрі бар ғой. Мен сондайлардың бір-екеуін "с поличным" ұстап алдым ➡
Жағдай былай болды: Алматының қақ ортасындағы бір супермаркетке атылып кірдім - асығыс едім. Қайын апамның баласын сүндетке отырғызатын боп жатқанбыз. Ондайда "шашу" алып жүгіретінім бар енді))))) Соған конфет-шоколад ала салайын деп тəттілер жиналған қатарға кіріп кеттім. Сырты жылтыр əр конфетті түртіп-түртіп қарап келем. Алдымда екі əйел келе жатқан, шамамен 45 жастағы келіншектер. Олар өзара сөйлесіп асықпай жүр екен, мен олардың алдына шығып кеттім, өйткені, жігітім сыртта күтіп тұрған - уақыт тығыз. Əлгі əйелдердің былдыр-былдыр əңгімелері еміс-еміс естіліп жатты, мəн бермедім. Бір кезде: "Не киіп алғанын қара... бүкіл мусорды сүйретіп... " - деген сөз құлағыма анық жетті. Тіпті сыбырлап айтуға да тырыспаған сияқты, біреуінің даусы сондай еркін шықты - арамызда, əйтпесе, жарты-ақ метр қашықтық бар-жоғы. Маған сол кез не болғанын білмеймін, үйтіп-бүйтіп сыртымнан сыпсыңдасқандардың талайына күліп қарап кете беретінмін, кейде естімегендей де болып... бұл жолы шыдай алмадым. Санаулы секунд екен ғой ашудың тұтануы... əлгі əйелдерге жалт бұрылдым да: "Ұялмайсыңдар ма? Өздерің үлкен əйелсіңдер. Не мыналарың? Өсек айтсаңдар, ең құрығанда, естіртпей сыбырласып айтсаңдаршы... "- деп 'газды' басып-басып кеп жібердім. Шамамен, 200-ге барып қалды-ау спидометрдің тілі... екеуі аңтарылып тұрып қалды, мені сүмірейіп кете береді деп ойлаған болу керек. Біреуі, көзі бақырайып кеткен: "Енді мусорды сүйретіп жүрсің ғой..." - дейді, тура бір күнде кешкісін менің көйлегімнің етегін жуып беріп жүргендей. "Мен не кисем де - өзім білем! Сіздердің не шаруаларыңыз бар менің киімімде?.." - дееееееп, мен де газ басып тұрған аяғымды босатпадым. Бірнеше минут бұрын шалқая басып сайрап келе жатқан екеуінің ауыздарына құм құйылғандай болды - үн жоқ. Бағанағы кербез жүріс те жоқ, аяқтарын шапшаң-шапшаң басып келесі қатарға кіріп кетті. Мен алқынып кассаға жеттім. Онда тұрған қыздар: "Не болды?"- деп сұрап... "Олардың не шаруасы бар сіздің киіміңізде?"- деп аң-таң болды. Қайта ол жас қыздардың бірі: "Маған сіздің үстіңіздегі киім қатты ұнады. Кіргеннен байқадым. Қайдан сатып алғаныңызды айтыңызшы..."- деп қиыла сұрады... көлікке кеп отырсам - жігітім сұрайды. Болғанды баяндап бердім. Сөйтсем: "Сабыр ете салмадың ба?" - дейді менің қымбаттым. Қайдағы сабыр??? Күйіп кетесің ғой, күйіп...
Жə-жарайды, ұзын көйлек жайында тіпті əңгіме бастамай-ақ қояйықшы. Орамал мен кең етек көйлек турасында тақырып қозғасаң - табан астында бүкіл террактіні мойныңа іліп қоятын мега ақылды журналистсымақтар бар ғой. Бəлесінен аулақ!.. жалпы ЭТИКА жайлы айтқым келеді. Мейлі қай ұлттың өкілі болсын, мейлі жасы үлкен-кіші болсын, джунглидегі бақа-шаян,аңдардан басқасының бəрі-бəрі көпшілік ортада өзін-өзі ұстау ережелерін білуі тиіс емес пе?!. Театрға шорты-кроссовкамен, өлген жерге "вечерний" көйлекпен бармайтынымыз сияқты - қоғамда өзіндік бір ережелер бар ғой, көкем-ау! Кетіп бара жатып иығыңмен бір адамды қағып кетсең: "Кешіріңіз, байқамай қалыппын"... кезектің соңын білу үшін:"Кешіріңіз, кім екен соңы?"... екі адам əңгімелесіп отырса:"Кешіріңіздер,сұрай қояйын деп едім..." - т.с.с. қандай ситуацияда болмасын сол бір "кешіріңіз" деген сөз барлық ыңғайсыздықтан құтқарады. Егер біз көшеде кетіп бара жатқан адамға қолымызды шошайтып, бетіне бақшиып күліп, я ойымызға келгенді бетіне былш-былш еткізіп айта салатын болсақ, "сірə, мені танымайды, мен оны танымаймын" - деп итеріп-қағып кете беретін болсақ, ең бірінші, Конституциялық құқық бұзылады, сыйластық былай тұрсын. Ал, заңға "плевать" болса - елде ХАОС басталады. Ғаламторда ол ХАОС-беспредел дегеннің нағыз өршіп тұрған кезі. Əп-əдемі келіншектер бар: суреттерін көрсең - əке-шеше,ата-енелерінің ортасында күйеуімен,бала-шағасымен бақытты өмір сүріп жатыр дерсің тура - отбасылық идиллия!!! Бірақ, коммент жазғанда: "Қаншық... мал екенсің... д*****... қ*****" - деп əкетеді-ай, əкетеді. Суреттегі мейірімді жүзді əйелден сонша "былық" шығады деп ойламайсың... əлгі супермаркеттегі əйелдердің де түрлері "страшный" емес. Күніне кем дегенде бір рет душ қабылдап, тістерін тазалап, киімдерін үтіктеп киетіні көрініп тұр. Енді "светская дама" болмаса да, түрлерін ептеп-септеп бояп қоятыны байқалады. Бірақ... комедиялық фильмдердегі ауылдың Сəрсенкүл-Бейсенкүл деген өсекші қатындарына ұқсас əйелдерді шынайы өмірде, онда да цивилизациясы дамып кеткен Алматының қақ төрінде кездестірем деп ойламаппын. Иə, ол екі əйелдің сөзін естімегендей кете беруіме де болатын еді. Тек... ұялтқым келді өздерін. Қашанғы мен ұялып, қашанғы мен көзімді төмен түсіріп жүрем, "чмо" сияқты?..
Рас қой Ғанидың сөзі! Анаған да - иілесің, мынаған да - иілесің. Өзінше "сыйлап жүрмін" деп ойлайсың ғой, ішіңнен мəз болып өзіңнің мəдениеттілігіңе. Əйткенмен, олардың көзінше, сенің атың - чмо! Олай деп отырғаныма да негіз жоқ емес! Екі рет сотқа беруге мүмкіндігім болды; мен туралы мақала жазып: бір жағынан - маған қара күйе жағып, бір жағынан - менің атымды пайдаланып өздеріне рейтинг жинап "оттап" жүргендерді соттан бір-ақ шығарайын дегем. "Ал, міне, іс сотқа кетеді..." -деген əңгімені естігеннен бейшаралар аға-көке, таныстарын ортаға салып: "Қазақпыз ғой, ұят емес пе соттасып жатқанымыз?.." - деп шыр-пыр болады. Тіпті бір журналдың редакторы: "Біздің журналист қатты кеткен екен. Ар-намысқа тиетін сөздер жазылыпты. Мен енді ғана мұқият оқып шықтым. Кешіріңіз... сотсыз-ақ шешейікші мəселені... "- деп алдыма келді сүмірейіп. Көкбеттік деген жетеді ғой негізі, ашуланғанда айналамның бəрін жайпап салам /адайдың қызу қандылығы сыр бермей қоймайды-ей/ Əйткенмен, нағашы жақтың жұмсақтығына салып - артынша кешіре салам. Соным бекер болды-ау деп те ойлап қоям. Бір-екеуін "мамалатып" тұрып моральный ущербын төлетсем бар ғой - басқалары мен жүрген көшеден айналыыыып өтер болар еді. Еееее, моральный ущерб дегенің миллиондармен өлшенеді. Сондықтан, ойнамаңдар, айналайындар! Бір қырсық: "Мені балағаттады!" - деп тіреліп алып шағымданар болса - Заң өзінікін істейді ☝ Кім болсаң да, өзгенің Конституциялық құқығын бұзуға хақың жоқ! Біздің қазекең түсініп жүрген жоқ əлі. Негізі оттасаң - спокойно сотталасың!!!
"Бұл жұртқа не жетпейді?" - дейсің кейде. Өз жыртығын жамап алмай ма, өзгенің өмірінен кем-кетік іздегенше... марқұм Фариза апамызды да ақымақтардың тірлігі əбден күйіндірген-ау... өлеңі есіме түсіп...
Бұл жұртқа не жетпейді:
күйгелектеп көр-жерге безектейді,
Денің сауда - шайқап төк, үрлеп ішіп,
ақымақтар жатса да қырылысып,
бір-біріне мылтығын кезеп мейлі.
Кейбіреулер мəн-жайды сұрамастан
біреу үшін күйінген, кінəласқан;
өз басының тірлігі жырақ қалып,
қайғысына біреудің жылап-талып,
дəл өзіне түскендей құлап аспан.
Түк пайдасыз көңілмен нұрдан аппақ
əпенділер жүреді құр далақтап:
жат қуанса - жүрегі жұлынардай
шаттанарын қайтерсің дымы қалмай,
өзі бақыт құшқандай ыржалақтап!
Өзіңдегі байлық пен бақты біліп
жүрмейсің бе, кетсін бар жат түңіліп.
Не жыным бар жаныма азап алып,
қайдағы бір жұрт үшін мазаланып,
кетсе-дағы қара Жер қақ тілініп.
Ақымақтар ел десіп, заман десіп,
аһ ұрады, қайғырып, залал кешіп,
Қайтіп есті жан дерсің мұны тегі,
құр ойлармен аз миды шірітеді,
Сонда өзіне келердей адал несіп.
Быж-тыж болып өткізген нұрлы күнін
ақымақтық екенін тірлігінің
айтар ем-ау. Не пайда ол ұғынғанда,
өз басыма сор тілеп жыным бар ма?!
Ақылды ете аласың кімді бүгін...
* * * * * * *
Əдеттегідей оқырмандарымызға Baistars сайтынан арнайы сыйлықтарымыз бар. Сый ұсынушы серіктестер:
1. "Inmode" дүкенінен әйелдерге арналған қол сөмке;
2. "Қазақ энциклопедиясы" баспасы ұсынған бағалы кітаптар;
3. "Adika Perfume" компаниясы ұсынған "Armaf" иіссулары;
4. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына шақыру билеттер;
5. "Jado Production" компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар;
6. "Khanshaiym" сұлулық салонынан 7000 теңгелік сертификат.
Басты сурет: dixinews.kz
Құрметті оқырмандар, егер сыйлық ұтып алғыларыңыз келсе міндетті түрде е-мейл пошталарыңызды жазып қалдырсаңыздар. Және де пікірлеріңіз модерациядан кейін жарияланады.

Пікірлер