Екіншіден, өзгенің дүниесін ұрлаумен қоймай, автордың сөзін бұрмалап: "Маржан Сұлтанбай бұрынғы қазақтардың надан болғанын айтты" -деп жарыса жазыпты.
Əйтпесе,менің жазбамда тура "қазақтар надан болған" деген сөз жоқ. Ғылым дамымай тұрып бүкіл адамзаттың НАДАН болғандығы өтірік пе??? Сөйлемнің құрылымында кейде жасырын тұратын бастауышты көре алмаса,мағынасын түсіне алмаса - сұрамай ма: тегін консультация беретін едім ғой. Анау Серғали Балажан деген кім? Сайтында не жазылып жатқанын қарамай ма? Əлде бір қазақты бір қазаққа шағыстырып, қораз төбелестіргендей мұрны қызарып қызықтап отыр ма? Ер азаматтардың осындай майда тірлігіне еріксіз күлесің. "Күйіктің де күлкісі бар" деген...
Үшіншіден, "дəл сайлау қарсаңында мақала жазыпты... қаржының қайдан түсіп жатқаны күдік туғызады..." - деген бықсық əңгіме шығыпты. Сайлауға не қатысым бар екенін түсінбедім, тура сол күні байымның туған күні деп салатымды жасап, дастархан жайып шапқылап жүр едім. Тіпті сайлау округіне де жете алмай қалдым. "Тауықсыз да таң атады" деп, менсіз де депутаттарын сайлап алыпты ел. Құтты болсын ал!!! Одан да сорақысы: менің бейкүнə жазбамды оқып шыққан соң, селдіреген бес тал шашы тік тұрып кеткен болу керек, бір Жазғышбековна мені "діни радикалист" депті. О, тоба!!!!!! Біздің қазекеңнің фантазерлығында шек жоқ-ей!!! Осы жерде реально күлкім пришла болды, 'пришла' болып əлі 'ушла' бола алмай жүр. Журналист деген зерттеп алмай ма "қарсыласын" ??? Мен мұндай блог дегенді 2009 жылдан бері жазып келем. "Еларна", "Хабар" арналарының сайтында шимай-шатпағым неше жыл қатарынан жарияланып келді. Əр түрлі тақырыпта көрермендеріммен пікір алмасатынбыз. Тіпті тюрбанмен жүріп "Хабарда" - "Білгенге - Маржан" бағдарламасын жүргіздім. Ол аптасына 5 рет эфирге шығатын... Ырымға бұрыннан басым кетіп сенбеймін, ол туралы сюжетім "Хабардан" 2007 ж. шыққан. Тюрбанды маған дейін қанша əйел орап таққан, менен кейін де тағады əлі.
Ал, діни тақырыпта мен, блондинка, мақала жазала алмаймын. Өйткені, ол үшін арнайы білім болу керек. Сұрақ: мен діни радикалистпін бе? Сол рас болса, онда мен сияқты кең етек көйлек киіп,басына орамал таққан бүкіл Маңғыстаудың əйелдері кіріп кетеді бұл топқа!
Ал, жалпы қазақтың орамалы туралы мына мақалада əдемі етіп жазылыпты. Оқып көріңіздерші! /арнайы сілтемесін беріп отырмын,шетінен қиып-қиып:"Өз сөзім!" - деп жазғым келмейді. Біреудің еңбегін ұрлау - дұрыс емес,əріптестер!/
Мен - келінмін! Алғашқы күннен ата-енемнің алдында сидаңдап тобығымды көрсетіп жүрген емеспін, үзбей сəлем етем, қайныларымның атын атамаймын, мега современный болса да, қайын апамның көзінше жалаңбас жүрген емеспін. Менің отбасымның өз заңдылықтары мен ережелері бар. "В чужой монастырь со своим уставом не ходят" деген. Əркім өзіне, өз отбасына ӨЗІ жауап береді.
P.S. анау Жазғышбековна туралы сұрастырсам, өзі əркімге бір қырғидай тиіп-тиісіп, елді түгендеп отыратын адам екен. Психологтардың айтуынша, төсегі - суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп өзгеге тиіскіш, болмашыға ашуланғыш, жан-жағын жаман сөзбен жайпағыш боп кетеді. Үйінде береке болмаған соң, əйелдің бақыттан жүзі бал-бұл жанып жүрмейді. Ондай бейшараларды аяу керек...
Ааааа... ұмытып барады екем... сыйлықтарға қатысты болса: мені арнайы қаржыландырып отырған ұйым жоқ. Сый ұсынған демеушілер - Baistars сайтына жарнама беруші дүкендер мен салондар. Жəне менің жазбаларымды бірдеңеге үгіт-насихат ретінде қабылдау - ақымақтық! Себебі, саясат пен Маржан Сұлтанбай - Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің Гибралтар бұғазында кездесіп, суларының "қосылмайтындығы" сияқты, араларында диффузия болмайтын екі бөлек дүние.
Əйткенмен, бұл жазбамнан да шу шығаратын бірер сөз тауып алары анық əлдекімдердің. Ооооо! Менің сондай "пиар компаниям" бар, өздері тегін жұмыс істейді. "Осындай пиар компаниям болсааааа..."-деп армандайды ғой əншісымақ көп жұлдыз. Өздері бірдеңе тауып алады...құрастырады...айқайлатып ат қойып, жан-жаққа мақала жазып тастайды... тіпті неше жыл қатарынан мəжілісте отырған кей депутаттарың тура мен сияқты танымал емес-ау, а?!.
Жə-жарайды! Басқа сайттар елдің сасық мусорын төгетін унитазы сияқты əрі қарай да қызмет ете берсін, Baistars сайтында боқтық сөздермен өрілген комменттер жарияланбайды. Иə! Ойын мəдениетті формада жеткізе білген оқырмандарға сыйлық беруді жалғастырамыз. Бүгінгі демеушілеріміз:
1. "Inmode" дүкенінен әйелдерге арналған қол сөмке;
2. "Қазақ энциклопедиясы" баспасы ұсынған бағалы кітаптар;
3. "Adika Perfume" компаниясы ұсынған "Armaf" иіссулары;
4. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына шақыру билеттер;
5. "Jado Production" компаниясы ұсынған арнайы сыйлықтар;
6. Және басқа да серіктестерден бірнеше бағалы сыйлықтар.
Құрметті оқырмандар!!! Ұсыныс-тілектеріңіз болса - жазыңыздар! Қандай тақырыпта əңгіме қозғағыларыңыз келеді? Қандай мəселені көтергеніміз дұрыс? Алдағы уақытта белсенді оқырмандарыммен жүздесуді де ойша жоспарлап жүрмін. Бұрын Астанада OrdaFM тыңдармандарымен кездесіп шай ішетінбіз, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жағдайы мүшкіл отбасыларына көмек ретінде бірлесіп керек-жарақты үйді-үйлеріне жеткізіп салатынбыз. Азамат Исаев бауырымның басшылығымен радио əлі де ондай шараларға атсалысып келеді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, наурызбен бірге тойланатын 3 жылдық мерейтойымен құттықтап қояйын!!!!!! OrdaFMнің алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі ретінде, əрине, сағынам! Істеріңізге сəттілік, əріптестер!!!
ЕСКЕРТУ: автордың ойымен келісіп, авторды мақтау шарт емес. Қарсы пікір жазсаңыздар да - ар-намысқа тиетін сөздерсіз ойларыңызды таза білдірулеріңіз қажет. Коммент қалдырған əрбір оқырман сыйлықтан үміткер екенін естеріңізге саламыз! Ең бастысы, қай қала-ауылдан екендіктеріңізді және е-мейл адрестеріңізді жазуды ұмытпаңыздар! Ықыластарыңызға рахмет!!!
Басты сурет: Искандер Салиходжаев
P.S: Құрметті оқырмандар, пікірлеріңіз модерациядан кейін жарияланады.

Пікірлер