Гостиницы в Алматы
2017-07-09 11:06:57 11 0

Қытай елінің Лияаонин пробинциясы, Шияаң қаласында тағы бір  Қазақстандық боксшы Айдархан Нұқанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл жайында dodasport.kz сайты хабарлады.

Бірінші орта салмақта (69,8 келі — 154 фунт) жұдырықтасқан Айдарханның қарсыласы Қытайлық Ло Джианг болды. Кездесу 6 раундқа жоспарланды.

Айдархан Қытайлық қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, техникалық нокаудпен жеңіске жетті. Жерлесімізге жеңіске жету үшін екі раунд жеткілікті болды.

Пікір жазу