Гостиницы в Алматы
2017-04-24 15:34:57 14 0

«Жақында орта салмаққа ауысқан және әлі жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді тізе бүктіретініне сенімді. Бұл жайында vesti.kz  сайты хабарлады.

Американдық боксшы жақында өткен «Головкин-Джейкобс» жекпе-жегіне қатысты  өз пікірін білдірген болатын. Ол: "Бұл жақсы жекпе-жекті көпшілік тамашалады. Дэнни ғаламат күш жұмсады. Бірақ, Головкин оны шырмап тастады. Джейкобс аздаған басымдықпен ұтқан сияқты, алайда, болған дүние болды. Мен екеуін де сабайтын едім", - деді Чарло Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Чарло орта салмаққа өту үшін алғашқы орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша чемпион атағын босатып берді. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC)  наурыздағы шешімі бойынша америкалық пен аргентиналық Хорхе Хейланд (28-4-2, 15 КО) жекпе-жегін белгіленді. Бұл кездесудің жеңімпазы Головкинге міндетті қарсылас болады.

Пікір жазу