Гостиницы в Алматы
2017-09-04 12:54:49 149 0

Қайрат Нұртас басты рөлінде ойнайтын «Арман» атты жаңа фильмнің премьерасы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.  "Көптен күткен фильм!!! Алғаш рет Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова "Арман" фильмінде, бірге басты рөлде ойнайды! 12 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!!!", - деп жазды Қайрат Нұртас фильмнің афишасын жариялап. 

Айта кетейік, бұл әншінің түсіп отырған бірінші фильмі емес. 2016 жылы Қайрат Нұртас түскен "Тағдыр" фильмі жарыққа шыққан еді. Бұл картинада ол қарақшының рөлінде ойнады. Сонымен қатар, 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі туралы "Өкініш" фильмі шығып, көрерменге ұсынылған еді.

 

Пікір жазу