Гостиницы в Алматы
2017-09-19 10:20:50 390 0

«Меломен» тобының жігіттерін кафелердің бірінде пышақтап кеткені жайлы ақпарат, кешеден бері әлеуметтік желілерді шарлап кеткен еді. Бұл ақпарат, тыңдармандарға да тосын жаңалық болғаны рас.

Ал бүгін, Меломендіктермен хабарласу сәті түсіп, шындықты білдік.

Топ мүшесі, Ролланның айтуынша бұл суреттердің барлығы түсірілім алаңынан алынған. «Мұның барлығы фильм барысында жасалған дүние. Түсірілім алаңынан шығып, телефонды қосқанда, шынымызды айтсақ өзіміз қорқып кеттік. Ақпаратты кімнің таратқанын білмейміз, бірақ тыңдармандарымызға айтарымыз, біз аманбыз, уайымдамаңыздар",- деп өтініш білдіре келе, жағдайларының жақсы екенін хабарлады, әнші.

Пікір жазу