Гостиницы в Алматы
2017-04-25 10:30:10 42 0

Кәсіпқой рингте «QAZAQ»  атты лақап есіммен танымал Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды. Отандасымыздың бұл жолғы қарсыласы мексикалық Ноберто Гонсалес.

 

Baq.kz сайтының хабарлауынша, «Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтып, 8 кездесуінде жеңіліс тапқан екен. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде.

QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Жекпе-жек 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді деп жоспарлануда.

Пікір жазу