Гостиницы в Алматы
2016-04-09 18:26:28 398 0

Әнші Анель Аринова ұлы Имранмен жарнамаға түсті, деп хабарлайды baistars.kz

Жарнамада қазақтың салт-дәстүрі бойынша тұсаукесер дәстүрі көрсетіледі. Бұл туралы әнші Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Қазір заманауи аналардың көбі балалары жарнамаға не киноға түсіп немесе журнал бетіне шыққанын қалайды. Солай ғой? Мен солай деп ойлаймын. Негізі мұндай бейнелерде аналарының орнына актрисаларды қояды, ал біздің жолымыз болды. Тағы бір жолымыз болғаны, мұнда Имранның режимі қарастырылды. Бастысы, бала үшін мұның бәрі ойын болуы керек, солай болды да» дейді Анель Аринова.

Сондай-ақ, Анель бұл үлкен еңбек екенін, ұлының берілген тапсырманы орындай алғанын қуанышпен жазды.

Айта кетейік, жеке өміріне қатысты мәліметтерді құпияда ұстайтын Анель Аринова тұңғышын 2014 жылы қараша айында дүниеге әкелген болатын.

Пікір жазу