Жаңалықтар

Қарағандылық «Шахтер» клубының футболшысы Playboy моделіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Қарағандылық «Шахтер» клубының футболшысы Playboy моделіне үйлену туралы ұсыныс жасады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағандылық «Шахтер» клубының қорғаушысы, болгариялық Пламен Димов өзінің сүйіктісі, модель Благосвета Бонбоноваға үйлену туралы ұсыныс жасады, ол Maxim мен Playboy журналдарының мұқабасына түскен.

Благовеста Бонбонова. © zlina.org

Благовеста Бонбонова. © zlina.org

Sportal.bg басылымының мәліметінше, 25 жастағы футболшы ұсынысты Жаңа жыл түнінде жасаған. Әлеуметттік желілердегі жазбаларға қарағанда, қыз «иә» деп жауап бергенге ұқсайды және қос ғашықтың жариялаған суреттерінен неке жүзіктерін көруге болады.

«Пламен барлығын керемет ұйымдастырды. Тура түн жарымы болғанда және отшашулар атылғанда ол Благосветаның алдында тізерлеп тұрып, ұсыныс жасады. Керемет романтика», — деді оқиғаға куә болғандардың бірі.

Айта кетейік, Димов өткен маусымды қызылордалық «Қайсар» құрамында бастады және екі матч өткізіп, бір ғана гол соғып үлгерді. Жазда ол қарағандылық «Шахтер» клубымен келісімшартын аяқтады, ол бұл клубтың құрамында он матч өткізіп, екі гол соққан болатын.


Ақпарат: tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

js6GyFGS9zM

KeshYou-дің мерейтойлық концертіне Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденова қатыса ма?

470 рет оқылды20.01.2016
cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

398 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

498 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

915 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 759 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

1 062 рет оқылды19.01.2016