Гостиницы в Алматы
2016-02-18 18:31:13 458 0

Әнші Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеште өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәстүрге айналған мерекелік шараға жыл сайын Ресей эстрадасының жұлдыздары қатысады. Валерий Меладзе, Николай Басков, Иосиф Кобзон, Леонид Агутин, Анжелика Варум, Кристина Орбакайте, Сергей Лазарев, Игорь Николаев, Лев Лещенко, секілді танымал тұлғалармен бірге отандасымыз бір сахнада өнер көрсетіп, әйелдер қауымын мерекемен құттықтайды.

Еске сала кетейік Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Сонымен қатар, ол "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Пікір жазу