Гостиницы в Алматы
2016-04-05 12:22:23 34 0

Қытай Цзинань аймағында бокстан Азия және мұхит елдер арасындағы олимпиадаға іріктеу турнирі өтті. Осы жарыста бокстан Қазақстан ерлер құрамасы олимпиадаға берілетін 10 жолдаманы ұтып алды және тұңғыш рет олимпиада ойындарына толық құрамда бармақ. 

Бұған дейін ерлер құрамасы 1996 жылы Атлантаға 9 боксшымен, 2000 жылы Сиднейге 7 боксшымен, 2004 жылы Афинаға 8 боксшымен, 2008-жылы Бейжің олимпиадасына 9 боксшымен, ал 2012 жылы Лондон олимпиадасына 9 боксшымен барған болатын. Азия және мұхит елдері арасында өткен іріктеу жарысында ел қоржыны 7 жолдамамен толықты, оның біреуін қыздар арасында сынға түскен Дариға Шәкімова иеленген (75кг). Ерлер құрамасынан жолдама алғандар Олжас Сәттібаев (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).

Бұған дейін 4 жолдаманы Данияр Елеусінов (69 кг) Дохада өткен әлем чемпионатында, Василий Левит (90 кг) – WSB жобасында, Біржан Жақыпов (49 кг) и Берік Абдрахманов (60 кг) –AIBA Pro-Boxing жобасында алған болатын.

Осылайша ұлттық құрама қоржыны ерлер боксынан толықтай 10 олимпиада жолдамасымен қамтылса, қыздар боксында әзірге 1 жолдама бар, қалған 2 жолдаманы боксшы қыздарымыз Астанада өтетін әлем чемпионатында еншілеуге тырысады.

 

Пікір жазу