Гостиницы в Алматы
2016-11-08 16:15:33 316 0

«Қазақстан» телеарнасы сотта «Қазмедиа орталығын» жеңіп шықты, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

2015 жылы Қазақстан телеарнасы «Қазмедиа орталығы» «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телебағдарламасының бірін түсірді. Бағдарлама жұмыстарын «Қазмедиа орталығы» толығымен қамтамасыз етеді. Алайда, монтаж барысында аталған бейнежазбаның жоқ екені анықталды. Сонымен бірге, «Алаң» бағдарламасының да бір бейнежазбасы жоғалған.

«Қазақстан» телеарнасы мен «Қазмедиа орталығы» арасында бекітілген шартқа сәйкес, қызмет көрсетуші бейнежазбаның сапасы мен сақталуына жауапты. Іс материалдарымен таныса келе, Астана арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ талабын қанағаттандырып,  «Қазмедиа орталығы» Басқару компаниясы» ЖШС-нан 2 725 264 теңге көлеміндегі шығын сомасын өндіріп берді.

Пікір жазу