Талай жылдан бері көпшілікке күлкі сыйлап келе жатқан «Тамаша» ойын сауық отауының бас режиссері ауысты.
Бұған дейін Асылбек Боранбаев жетекшілік еткен ұжыммен жұмыс істеуге танымал актер Нұржан Тутов тағайындалды. Бұрынғы режиссер өз еркімен жұмыстан кетіп «Тамаша тарту» деп аталатын концерт қоюды жоспарлап үлгерді.
Ал «Тамашаның» бас режиссерімен қатар әтістерінің құрамында да өзгеріс бар.
Ағымдағы жылдың 30-сәуірінде Алматыда аталған театрдың шоу-концерті өтпек. Кешке «Тамашадан» түлеп ұшқан тарландар қатысады деп жоспарланыпты.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS