Қазақстандық композитор Алим Заиров ресейлік режиссер Сарик Андреасянның «Мафия» фильміне ән жазады.
26 жастағы композитордың әні фильмнің басынан аяғына дейін шырқалады. Қазір композитор әннің жазылуы бойынша Украина елінің әншісі Роман Вишневскиймен бірге жұмыс жасауда. Бұл Заировтың композитор ретінде екінші ресейлік жобасы. Осыған дейін оның туындысы «Ограбление по-американски» блокбастерінде орындалған болатын.
«Қазір әннің басты идеясы мен құрылымы бойынша және фильмде орындалуына байланысты жұмыстар жүріп жатыр. Қарқынды түрде жұмыс жазға қарай басталады», — дейді Алим Заиров.
«Мафия» фильмінің 70 пайызы жасыл экран фонында түсірілген. Басты рөлдерде Виктор Вержбицкий, Вениамин Смехов, Юрий Чурсин, Вячеслав Разбегаев, Ольга Тумайкина, Карэн Бадалов және Андрей Чадов сынды актерлер ойнайды. «Бұл фантастикалық блокбастер болады. Мұндай фильмдер Ресейдің өзінде де аз түсіріледі. Қазір фильмнің гафикасы суреттелуде»,- деп композитор айта кетті.
Сонымен қатар, композитор қазір режиссер Жасұлан Пошанов пен продюсер Асқар Ұзақбаевтың «Шлагбаум» фильмінің музыкалық жұмыстарымен айналысып жатыр. «Біз фильмге стандартқа кішкене сай келмейтін музыкалық қадамдарды қолдандық. Дәл қандай екенін қазір айта алмаймын, құпия болып қалсын. Бірақ көрермендердің көңілінен шығып, қызықты музыкалық қадамдарды табады деген ойдамын»,-деп композитор өз ойын айтты.




Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS