Қазақ эстрадасындағы қаралы күн.
53 жасқа қадам басар шағында, күллі қазақтың жүрегіне мағыналы әрі музыкалық сауатты әндерімен жол тапқан, Батырхан Шүкенов дүниеден озды.
Әнші әрі сазгер 1962 жылы 18 мамырда Қазылода обласында туған. Өнер әлеміне 1982 жылы келген оның алғашқы қызметі Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобында болған еді. Халыққа қазақ және орыс тілдерінде сызылтып салған әндерімен тыңдарманның талғамынан шығыққан әнші «А-Студио» тобының алғашқы солисті болған.

2000 жылы топтан кеткен Батырхан Шүкенов жеке шығармашылығымен айналысуға бел буды. 2014 жылы «Жанды дауыс» шоуының жеңімпазы болған ол, 2015 жылы «Россия-1» арнасындағы «Один в один» телешоуына қатысты.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қалың елге көңіл білдіріп, Батырхан Шүкеновке арналған еске алу концерті елдің барлық аймақтарында өткізілетінін жеткізді. Қазақстанның қалаларынан басталатын кеш Мәскеу қаласында да өтуі мүмкін.
Мәскеу қаласында жүрек талмасынан көз жұмған әншінің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS