Режиссер Тимур Бекмамбетовтың “Unifriended” фильмі АҚШ-та прокатқа шықты. Шағын бюджетті хоррор фильмінің ұзақтығы — 80 минут. Рөлдерді сомдаған жас актерлердің есімі көпке таныс емес.
Сюжет желісі бойынша оқиға былай суреттеледі: алты жасөспірім Skype арқылы бейнебайланыспен сөйлесіп отырады. Күтпеген жерден, желіге олардың бір жыл бұрын өзіне қол жұмсаған сыныптасының бейнесі қосылады. Яғни, түсірілімнің барлық процессі монитор бетінде жүргізілген.
Бұл картина режиссердің ойында көптен жүрген еді. Тың идея іске асып, YouTube порталындағы трейлерінің өзі көпшіліктің қызығушылығын оятты. 80 минут бойы экранда болып жатқан нәрсені қорқынышпен қарауға кез келгеннің батылы жете бермесе де, бұл кино саласындағы Тимур Бекмамбетовтың бағындырған жаңа белесі.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS