Қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов пен Леван Габриадзенің шағын бюджетті фильмі 16 млн доллар жинап американдық прокаттың апта соңындағы үздік үштігіне енді.
«Картина эксперимент түрінде жасалған-ды. Көпшілік көрермен экрандағы 5-10 минуттық көріністі аңдып отыра алмайды деп сенімсіздік танытқан болатынбыз» ,- деді Бекмамбетов.

Skype арқылы бейнебайланыспен сөйлесіп отырған алты жасөспірімге күтпеген жерден, олардың бір жыл бұрын өзіне қол жұмсаған сыныптасының бейнесі қосылады. Оқиға желісі осылай жалғасатын фильм түсірілімнің барлық процессі монитор бетінде жүргізілген. Оған қоса «Unifriended»-тің трейлері пайда болғаннан бастап көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Америкадағы уикэнд қорытындысында «Форсаж — 7» 29 млн доллар жинап бірінші орыннан көрінді. Ал, екінші орын 24 млн доллар табыс әкелген«Толстяк против всех» фильміне бұйырды.
Үшінші сатыдағы фильм түсіріліміне 1млн доллар жұмсалған. Жұртшылықтың талғамынан шыққан кинокартина осылайша шығынын 16 есе артық қайтарып отыр.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS